Мектебім- алтын ұям

         1977 жылы Маңғыстау ауданы Ильич совхозы мен Қарақия ауданына қарасты Ералиев совхозының  арасынан енші беріліп, Қарақұдық совхозы құрылды. Сол жылы Қарақұдық елді мекенінің ірге тасы қаланып, Бостан әкімшілігі өз жұмысын бастаған болатын. Жаңа типті салынған ауыл орталығынан ауыл балалары мен малшы балалары үшін 1979 жылы 8 жылдық мектеп пен  мектеп интернаты ашылып, алғашқы шәкірттерін қабылдады. Мектеп басшысы Қален Рсалиев, оқу ісі меңгерушісі Бәшіғұлов Али, интернат меңгерушісі Т. Бесімбайұлы біріге отырып алғашқы мектеп оқушыларын қабылдап, жұмысын жүргізді. Қален Рсалиев 1979/1981 оқу жылдарында мектепті басқарса, 1981/1985 оқу жылдарында 8 жылдық мектепті Шәрелхан Әленов басқарды.  1985 жылдан 2014 жылға дейін Темірбай Бесімбайұлы мектеп өміріндегі реформаларды жүйелі іске асыра отырып басқарды. Мектеп 1986/1987 оқу жылында Қарақұдық сегіз жылдық мектебі жалпы білім беретін «Қарақұдық орта мектебі» мемлекеттік мекемесі болып құрылды және жаңа типті мектепте өз жұмысын жалғастырды. Елімізде жасалған білім саласындағы 6 жастан мектепке қабылдау жолға қойылды. Жаңа реформа бойынша 25 баланы қабылдап, 6 жастан оқытып білім беруді бастауыш сынып мұғалімі Жәния Бесінбаева бастады, тәрбиеші болып оқушылармен Гүлзира Тәкенова жұмыс жасады. Ұзақ жылғы тарихы бар Қарақұдық орта мектебі білім саласындағы жаңа реформалардан қалмай үздіксіз жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім берумен келеді. Мектептен 1 «Күміс», 5 «Алтын белгі» иегерлері, 12 «Үздік аттестат», 20 «Үздік куәлік» шығып мектеп абыройын асқақтатты. Мектеп заман талабына сай жасақталып, ақпаратты- технологиялармен қамтамасыз етіліп, интернет желісіне қосылды. Мұғалімдер жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушыларға сапалы білім беру мақсатында жұмыстар жүргізуде. Ақпаратты-технологиялармен жұмыс жасауды жолға қою мақсатында мектеп мұғалімдері біліктілік курстарына қатыстырылды. Ақпараттық оқыту технологиясын жолға қойған Қарақұдық орта мектебінде 1 мультимедия, 2 компьютер кабинеті және 5 интерактивті тақта қолданыста. Мектептегі 349 оқушы 45 компьютермен жұмыс жасауда. Саралап оқытуды жолға қоя отырып, гимназия сыныптарын ашуға мүмкіндіктер туды.

2014- 2015 жылдар Қарақұдық орта мектебін Төрехан Елгондиев, 2015-2018 жылдар аралығында Талшын Жұмабекова басшылық жасаса, 2018- 2019 оқу жылынан басшылықты Айгүл Ізбасарова жалғастыруда.  

Соңғы жаңалықтар

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай шағын футболдан 2004-2005 жылғы туылған жасөспірім қыздар арасында қалалық ашық турнирі.

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай шағын футболдан 2004-2005 жылғы туылған  жасөспірім қыздар ар ...

14 желтоқсан 2019
Заманымыздың заңғар жазушысы Ә.Кекілбаевтың 80 жылдығына орай мектебімізде "Киелі өлке -кемеңгері" атты көркемсөз оқу байқауы болып өтті.

Заманымыздың заңғар жазушысы Ә.Кекілбаевтың 80 жылдығына орай мектебімізде "Киелі өлке -кемеңгері" ...

13 желтоқсан 2019
Қызылсай ауылында өткен Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай өткізілген " Әбіш оқулары"көркемсөз оқу байқауы.

Қызылсай ауылында өткен Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай өткізілген  " Әбіш оқулары"көркемсөз о ...

12 желтоқсан 2019
5-6желтоқсан күндері өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі.

5-6желтоқсан күндері өткізілген жалпы білім  беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық оли ...

12 желтоқсан 2019
1-7сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары пен шығармашылық жобаларының "Зерде"республикалық байқауының аудандық кезеңі.

1-7сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары пен шығармашылық жобаларының "Зерде"республикалық байқауы ...

10 желтоқсан 2019