Республикалық жалпы ата-аналар жиналысы





"Оқу мен оқытудағы әдіс-тәсілдер" аудандық семинары

iconМектебімізде 15 мамыр 2019 жылы "Оқу мен оқытудағы әдіс-тәсілдер" тақырыбындағы аудандық семинары өткізілді. Мақсаты: Оқу процесінде оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді пайдалану жолдарын іс-тәжірибе арқылы көрсету. Семинар барысында 6 мұғалім ашық-оқу қызметін өткізіп, 1 мұғалім коучинг өткізді және  мектеп мұражайы таныстырылды.

"Асқақ арманның білім ордасына 40жыл" мекеме аралық волейбол жарысы

icon"Асқақ арманның білім ордасына 40жыл" мекеме аралық волейбол жарысы болып өтті. Мектеп командасы І-дәрежелі дипломмен марапатталды.

"Асқақ арманның білім ордасына 40 жыл"

icon"Асқақ арманның білім ордасына 40 жыл" толуына орай мерекені ауыл болып атап өтті. Мерекелік концертпен жалғасқан бағдарлама, конференциямен жалғасты. Мектептің қабырғасы қаланғаннан бастап, жүйелі еңбек еткен ардагер ұстаздарға "төс белгі" табысталып, құрмет көрсетілді. 1979 жылы Қарақұдық орта мектебі алғашқы оқушыларын мектепке қабылдады. Жаңадан бой көтерген білім ордасына жан-жақтан білікті ұстаздар келіп балаларды білім нәрімен сусындатуға кірісті. Содан бастап мектебімізден талай түлек түлеп ұшты. Мектептің 40 жылдық мерейтойында білім мен тәрбиені қатар беріп ағарту ісіне атсалысқан ардагер ұстаздар "төс белгі" тағынып марапатқа ие болды. Өздерінің еңбек жолдарын баяндап, қызықты естеліктерімен бөлісті. 

По вопросам организации питания

На сегодняшний день проработан порядок организации питания обучающихся в организациях среднего образования и приобретения товаров, связанных с обеспечением питания детей, воспитывающихся и обучающихся в дошкольных организациях, организациях образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей(приказ МОН РКот 31.10.2018г. №598). 

Тамақтануды ұйымдастырудың мәселелері туралы

Бүгінгі таңда орта білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге тамақтануды ұйымдастыруға және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарға тәрбиеленіп, тәрбиеленетін балаларға арналған тамақпен қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртібі әзірленді (ҚР БҒМ бұйрығы) № 598). 

Облыстық "Кәсіпкер боламын " байқауы

iconОблыстық "Кәсіпкер боламын " байқауында 8сынып оқушысы Қойшыбаев Әділбек Үздік ойыншы атанса,жетекшісі Жакупова Гүлмаржан қатысқан команда 2-орын алды.Құтты болсын!!! 

"Алтын қазына" көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауы

icon"Алтын қазына" көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауының "Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық үлгісін жасау" номинациясының ІІІ орын жеңімпазы 9 сынып оқушысы Фазылқызы Гүлбақыт. Жетекшісі - Ергенова Гүлбану "Алғыс хатпен" марапатталды. 

Облыстық "Абай оқулары"

iconАқтау қаласында өткен облыстық "Абай оқулары" байқауының "Ұлылар әлемі" бағыты бойынша мектебіміздің 10 сынып оқушысы Түзелбаева Айман ІІ орынды иеленді. Жетекшісі - Жаманқұлова Гүлнұр.

"Алтын қазына" қолөнер бұйымдарын жасау конкурсы

iconҚұрық орта мектеп гимназиясында өткен "Алтын қазына" қолөнер бұйымдарын жасау конкурсында мектебіміздің 9 сынып оқушысы Фазылқызы Гүлбақыт "Ұлттық киімдер дайындау" номинациясы бойынша І орын алып, облысқа жолдама алды, қағазбен бұйымдар жасау бойынша ІІІ орын иеленді. Жетекшілері Ергенова Гүлбану мен Бинепесова Джамила.

Аудандық "Бастауыш сынып олимпиадасы"

iconЖетібай ауылы, №5 орта мектепте өткен аудандық "Бастауыш сынып олимпиадасында" мектебіміздің 4 сынып оқушылары Нұрмағанбет Ақжүніс пен Фазылқызы Құралай ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі - Сәуірбаева Елеусіз.

Соңғы жаңалықтар

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебн ...

25 мамыр 2020
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай шағын футболдан 2004-2005 жылғы туылған жасөспірім қыздар арасында қалалық ашық турнирі.

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай шағын футболдан 2004-2005 жылғы туылған  жасөспірім қыздар ар ...

14 желтоқсан 2019
Заманымыздың заңғар жазушысы Ә.Кекілбаевтың 80 жылдығына орай мектебімізде "Киелі өлке -кемеңгері" атты көркемсөз оқу байқауы болып өтті.

Заманымыздың заңғар жазушысы Ә.Кекілбаевтың 80 жылдығына орай мектебімізде "Киелі өлке -кемеңгері" ...

13 желтоқсан 2019
Қызылсай ауылында өткен Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай өткізілген " Әбіш оқулары"көркемсөз оқу байқауы.

Қызылсай ауылында өткен Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай өткізілген  " Әбіш оқулары"көркемсөз о ...

12 желтоқсан 2019
5-6желтоқсан күндері өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі.

5-6желтоқсан күндері өткізілген жалпы білім  беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық оли ...

12 желтоқсан 2019